Алматыда Медеуге дейінгі №21 жаңа автобус бағыты іске қосылды

Алматыда Медеуге дейінгі №21 жаңа автобус бағыты іске қосылды

2025 жылғы 27 қарашадан бастап «Алматыэлектротранс» «Спорт сарайы» мен танымал спорттық-туристік бағыт болып табылатын Медеуді байланыстыратын №21 жаңа тұрақты автобус бағытын іске қосады. Желінің ұзындығы 33,6 км құрайды.

Бұл бағыт қала тұрғындары мен қонақтары үшін Медеудің көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартып, әсіресе қарбалас сағаттарда спорт кешеніне қауіпсіз әрі жайлы жетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

🚍 Бағыт қалай ұйымдастырылған

Желіге күн сайын 15 автобус шығады.

Қозғалыс аралығы — әр 8 минут сайын.

Автобустар үлкен сыйымдылықты: 28 отыратын және 85 тұратын орын.

Әр автобус бейнебақылау жүйесімен, кондиционерлермен және ұялы құрылғыларды зарядтауға арналған USB-ұяларымен жабдықталған.

Жүргізушінің кабинасында заманауи электрондық жүйе, оның ішінде жүргізушінің шаршауы мен әрекеттерін бақылау жүйесі (DMS) орнатылған.

Салондарда аялдамаларды автоматты түрде хабарлау жүйесі қарастырылған — жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлылығы үшін.

Біз, «Алматыэлектротранс», жаңа бағыт қала орталығы мен Медеу арасындағы қозғалысты жеңілдетіп, сапарларды неғұрлым жайлы, қауіпсіз әрі ұйымдасқан ететініне сенімдіміз.