Алматыда қоғамдық көлік саласының қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Тұрғынжан Аутов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның еңбек өтілі — 44 жыл.

Бұл марапат — Тұрғынжан Аутовтың өз ісіне деген адалдығы мен қала халқына ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегінің лайықты бағалануы.
Оның көрсетілген құрмет үшін Алматы әкімдігі мен кәсіпорын басшылығына алғысы шексіз.