Алматыда 14 желтоқсаннан бастап Желтоқсан көшесіндегі жаңа BRT желісі бойынша қозғалыс іске қосылады
14 желтоқсаннан бастап Алматыда Желтоқсан көшесі бойынша жаңа жылдам автобус қозғалысы (BRT) желісі жұмысын бастайды. Жаңартылған учаскенің ұзындығы 4,6 километрді құрайды. Ол Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT желісін Райымбек даңғылындағы салынып жатқан учаскемен байланыстырып, оңтүстік–солтүстік бағытында бірыңғай жылдам бағыт қалыптастырады.
Бірінші кезеңде жаңа қозғалыс сұлбасы бойынша №92 бағыттың автобустары қатынай бастайды. Бөлінген жолақтар жол жүру бөлігінің шеттеріне орналастырылған: солтүстік бағытта — оң жақта, оңтүстік бағытта — сол жақта. Мұндай шешім жолдағы қайшылықты жағдайлардың санын азайтып, көлік қатынасының жалпы жылдамдығын арттыруға бағытталған.
Желтоқсан көшесінің жиектерінде көлік қою толық тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын фото- және бейнетіркеу жүйелері қамтамасыз етеді.
Жоба аясында инфрақұрылым кешенді түрде жаңартылды: жол төсемі ауыстырылды, заманауи аялдама павильондары жабдықталды, жаңа жарықтандыру орнатылды және қолайлы жаяу жүргіншілер аймақтары ұйымдастырылды. Жаңа BRT желісі қалалық көліктің тиімділігін арттырып, тұрғындардың мегаполис бойынша жылдамырақ әрі ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуге арналған.