«Алматыэлектркөлік» ЖШС 2026 жылғы 16 қарашадан бастап 2026 жылғы 16 желтоқсанға дейін келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлайды:
- Бөлімшелердің қызметіне әсер ететін ішкі жергілікті актілердегі (бұдан әрі – ІЖА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Серіктестіктің ұйымдық және басқарушылық қызметтегі келесі бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – Персоналды басқару бөлімі, Жоспарлау-экономикалық бөлімі, Пайдалану бөлімі, Мемлекеттік сатып алу бөлімі, Орталық қойма, мүдделер қақтығысын реттеу.
Ұсыныстарды қайда жіберуге болады
Мәліметтер, ұсыныстар мен түсініктемелер 2026 жылғы 26 қарашаға дейін қабылданады:
- электрондық пошта: compliance@aet.kz;
- WhatsApp: +7 708 973 0360;
- тел.: 8 (727) 313-27-86;
- мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 64.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Комплаенс қызметінің офицері Санджар Жүнісов