Даму жобалары
Кәсіпорын қазір нені жаңартып жатыр: троллейбустың байланыс желісі, парк аумақтары, зарядтау және газ құю инфрақұрылымы. Әр жоба бойынша не істелгені және не істелетіні көрсетілген.
«Таза аспан»: байланыс желісі
Кезең · Жобалау аяқталуда, жұмыс 2026 жылдың қазанынан басталады
Алматының жеті көшесінде троллейбустың байланыс желісі қайта құрылады. Сым мен тірек түгел ауысады, қоректендіру кабельдері жер астына түседі, көше шамдары сол тіректерге ілінеді. Қалған желі әдеттегідей жұмыс істейді.

- Бірінші кезекте жеті көше, 19,82 шақырым желі
- Қалалық троллейбус желісінің оннан бір бөлігіндей
- Тозған темірбетон тіректің орнына 11 метрлік 980 металл тірек
- Апаттық күйдегі 600 вольттық қоректендіру кабельдері жер астына түседі
- Сол тіректерге қуат үнемдейтін LED шамдар ілінеді
- Тоғыз ай жұмыс, жаңа желінің қызмет мерзімі — 30 жыл
«Алматы-1» вокзалының алаңы
Кезең · Жобалық шешім
«Алматы-1» вокзалының маңында байланыс желісінің тіректері ауысады. Алынған тірек, сым және ілмек арматура сынық металға кетпей, қайта пайдаланылады.

- Үш учаске: алаңның өзі, вокзал қасбетінің тұсы және жаяу жүргінші өткелі
- Бөлшектелген жабдық Момышұлы көшесінің үш учаскесіне қойылады
- Алаң «Таза аспанның» бірінші кезегіне кірмейді
Парк аумақтарын жөндеу
Кезең · Бір бөлігі орындалды, бір бөлігі жобада
Өтпе жолдардың, тұрақтардың және газ құю аймақтарының төсемі жаңартылады: екі қабат асфальтбетон, бордюр тас және таңбалау.

- Бірінші парк: 2 535 шаршы метр, жұмыс аяқталды
- Екінші парк: шамамен 0,8 гектар, жұмыс аяқталды
- Үшінші парк: шамамен 0,8 гектар, әзірге жобада
Зарядтау инфрақұрылымы
Кезең · Жұмыс істейді
№5 парк — кәсіпорынның электробустар мен газ автобустары бірге жұмыс істейтін жалғыз алаңы. Зарядтау станциялары сол аумақта тұр.

- Қуаты 160 кВт болатын бес My Charge зарядтау станциясы
- Екі электробус төрт сағатта зарядталады
- Екі электробус бағыты: №90 және №124
- Электробустарда зиянды шығарынды мүлде жоқ
Газ құю станциялары
Кезең · Жұмыс істейді
Газ автобустары парк аумағында құйылады — түнде, ауысым аралығында.

- Екінші парк: меншікті «Aspro» станциясы, төрт компрессор, сағатына 4 000 м³
- Үшінші парк: жеке станция, төрт үлестіргіш, сағатына 5 000 м³