№84 және №84А бағыттары қалай жүреді
№84 бағыты «Мөңке би / Оңғарсынова» аялдамасынан «№7 қалалық ауруханаға» дейін және кері қарай жүреді.
Кері бағытта айналы №84А бағыты қатынайды: «SMALL» супермаркеті, «Мөңке би / Оңғарсынова», «SMALL» супермаркеті.
Қанша автобус және қандай аралықпен
Желіге күн сайын 6 автобус шығарылады. Қозғалыс аралығы 20 минутты құрайды.
Бағыт кімге керек
Екі бағыт та Алғабас, Қалқаман шағын аудандары мен іргелес аумақтар тұрғындарының жүріп-тұруын қамтамасыз етеді және қолданыстағы желілердің жүктемесін азайтады.
Автобустар немен жабдықталған
Барлық көлік құралдары қауіпсіздік пен қолайлылық талаптарына сай: заманауи бейнебақылау жүйелерімен, жолаушыларды хабардар ету жүйелерімен және ыңғайлы отырғызу алаңдарымен жабдықталған.
Бағыттардың сұлбалары бағыттар бетінде.