ТОО АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС



Алматы қ. Әуезов к-сі 64

Жүргізушілерге қойылатын ұсыныстар мен шағымдары бойынша пайдалану қызметінің нөмірі 8 (727)344 28 08, e-mail: info@aet.kz

Главная » Тасымалдау ережесі

Тасымалдау ережесі

2-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау

23. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

24. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.

3-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi

25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:

1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс;

2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.

26. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:

1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;

2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе "қауырт" сағаттар) қосымша;

3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;

4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi

27. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:

1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;

2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;

3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.

28. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есiк арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.

29. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.

30. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында "сұрау бойынша" аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.

31. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:

1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;

2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;

3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;

4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;

5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;

6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.

32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:

1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;

2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсiпорын белгiлеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етiледi.

6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы жол жүру және багажды алып жүру төлемі, тіркеуі

41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемi жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргiзушiге) беру немесе жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi арқылы жасалады.

42. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.

43. Қолма-қол ақшамен төлем жасалған жағдайда, қағаз нысанындағы жол жүру құжаты (билеті) бір жолғы бақылау билеті бір маршруттағы, жолаушы жүріп өткен қашықтыққа қарамастан бір бағыттағы бір маршрут бойынша сапар кезінде ғана жарамды.

44. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған жағдайда, жолаушыларға берiлген қағаз нысанындағы бiр жолғы бақылау билеттерi және жол жүрудің расталған бір жолғы бөлек тіркеулері, электрондық жол жүру құжаты арқылы жол жүру төлемі жасалған болса – осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.

45. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес төлейдi.

46. Қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен жол жүру төлемiнiң растамасы жолаушыға қағаз нысанындағы жол жүру құжатын (билетін) берумен белгiленедi.

47. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.

48. Белгілі күнтізбелік мерзімге қағаз, сондай-ақ және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерін сату алдын ала, жергiлiктi атқарушы орган белгілеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар-кондукторлар немесе жүргізушілер арқылы жүргiзіледi.

49. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған қағаз, сондай-ақ және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.

50. Қағаз және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге қолданылмайды.

51. Қағаз нысанындағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға, бақылаушыға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi. Электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жол жүруді тіркеуді өз бетінше жүзеге асырады.

52. Егер жолаушы қағаз нысанындағы немесе электрондық нысандағы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, дербестендірілген жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы электрондық жол жүру билетiн пайдаланатын жолаушыларды қоспағанда, онда сондай-ақ ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.

5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру

36. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға рұқсат етiледi.

37. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тегін тасымалданады.

Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасы

2. Иттерді ұстау жағдайлары:

7. Иттерді адамдардың көп шоғырланатын орындарында ұстауға рұқсат етілмейді, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда итті қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстайды.

8. Сәндік тұқымды иттерді сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) тасымалдауға рұқсат етіледі.

*мәлімет алынды «жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелері»

Толық мәтін төмендегі сілтеме бойынша қол жетімді

Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349.

Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2015 года № 11550

Алматы қаласында иттерді ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 28 тамыздағы N 158 шешімі

Толық мәтін төмендегі сілтеме бойынша қол жетімді:

http://www.mga.kz/solutions/maslikhat-solutions/446-reshenie-xix-oy-sess...