Алматы қ, Әуезов к-сі, 64.

тел.: 8 (727) 313-27-84 

e-mail: info@aet.kz

«Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері Жаңа жылмен құттықтады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері Жаңа жылмен құттықтады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері Жаңа жылмен құттықтады.2018 жылы 21 желтоқсанда тамаша оқиға болды. «Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері Жаңа жылмен 5 баланы құттықтады. Дэниел, Юлия, Милан, Маржан және Амир, Аяз Атаға алғыс- тілек хат жазды. Балалар кинотеатрға Элиот атты жаңа мультфильмді тамашлауға барғылары келді. Өкінішке орай, Татьяна жалғыз басты ана, бес баланы тәрбиелеп отыр, соған байланысты жұмыс күші мен қажетті ресурстары болмағандықтан балалардың қалауын орындай алмайды.

Балалардың анасының тілектерін толық ескеріп, біз барлық балаларға жарқын сыйлықтар дайындадық. Ал мультфильмге барар алдында біз кофеханаға барып, балалармен және олардың анасымен көңілді және ыңғайланып сөйлесуге мүмкіндігіміз болды. Біз өте жан-жақты және ұзақ уақыт тілдестік. Әңгіме барысында біз Даниелдің футболға қызығатынын анықтадық, оған сыйға тартқан доп тек қуаныш әкелді. Дэниел, жасына қарамастан, өте жауапты және анасына барлық жағдайларда көмектеседі. Ал қыздар болса бір-біріне ұқсаса да өте әртүрлі.

Юлия 9 жаста, оның мінезі өте тыныш, оқуды және арифметиканы жақсы көреді. Милананың жан- дүниесі ашық, қиялшыл, романтикалық және зерттеушілік қасиеті бар. Ал, Маржан ойын баласы, ол қылығы, кішкентай балаларға тән қасиет. Біз барлық қыздарға тәждермен және әртүрлі парапарліктегі ханшайымдар жиынтығын сыйға тарттық. Жаңа жылда олар, әдемі ханшайымдар кейіпінде болады және мерекедегі сиқырды сезінеді. Амир – тек 5 айлық сәби, ол әлден көп нәрсені түсінеді және әлемді үлкен қызығушылықпен зерттейді.
Ең таңқаларлығы ол мультфильмді өте қызығып, және тыныш көрді. Біздің команда кішкентай балалардың тілегін орындап беруге қуанышты болды. Біздің команда оларға ең мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілейді, және олардың әрдайым осындай жан дүниесі ашық, тәртіпті балалар болып қалатынына сенімді. Және де, әрине, әлемдегі көптеген қиыншылықтарға қарамастан, отбасына деген сүйіспеншіліктің сақталатынына сенімдіміз,
Біз Татьяна мен оның балаларының тілектерін ғана орындап қана қоймай, жаңа жыл қарсаңында бізге де сиқырлық пен махаббат сезімін сыйлағанына алғысымызды білдіреміз.

«Алые паруса» шығармасының кейіпкері Грей айтқандай: Егер адамның жаны ғажайыпты күтсе, оған осы ғажайыпты сыйла, сол кезде таза жан, ол адамда да, сендеде болады. Сиқырды өзіміз жасауымыз қажет.

«Аяз Атаға хат жазу» науқаны аясында бізге Татьяна Егорованың балалары хат жазды. Олардың отбасында алты жан бар. «Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері Жаңа жылмен аталған отбасыдағы 5 баланы құттықтады.